457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.

Бүгін, 23 қарашада Италия астанасы Римде халықаралық бокс конгресі ұйымдастырылды. Шара барысында World Boxing федерациясының президенті сайлануы тиіс болды. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин үміткерлердің бірі ретінде таңдалды.

Фото: Ақорда