Тоқаев бокс федерациясының басшысын қабылады
Мемлекет басшысы Integra Construction KZ бенефициар меншік иесі Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп жазады malimsports.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және өндірістік, тұрғын үй, әлеуметтік нысандарды салу жөнінде баяндалды.
Сондай-ақ Президентке компанияның құрылыс пен темір жол салаларында іске асырып жатқан халықаралық бастамалары туралы ақпарат берілді.
Шахмұрат Мүтәліп 2024 жылдың басында еліміздің бокс федерациясының басшысы болып тағайындалған. Ол федерация басшысы ретінде әлем чемпионатында топ жарған боксшыларға 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табыстап, көпшіліктің назарына ілінген болатын.
Фото: Ақорда
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған