Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде иеленуімен құттықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медаль иегері атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлдеге қол жеткізген.