Мәзір
Бокс

Тони Фергюсон кәсіпқой бокстағы дебютінде жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 96 қаралым
Тони Фергюсон кәсіпқой бокстағы дебютінде жеңіске жетті

41 жастағы америкалық спортшы, UFC-дің жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон бокстағы дебютінде жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол Пуэрто-Рико боксшысы Натаниль Бустамантегеден басым түсіп, Misfits Boxing ұйымының орта салмақтағы уақытша чемпионы атанды.
Фергюсон қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Тони өзінің ММА-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 3 тамызында Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 7 турнирінде өткізген еді. Ол кезде америкалық файтер бірінші раундта Майкл Кьезеге тұншықтыру әдісімен есе жіберген болатын.
Еске сала кетсек, Фергюсон UFC-дегі соңғы сегіз жекпе-жегінде қатарынан жеңіліс тапқан.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар