457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Толық қайта құрылым қажет»: Геннадий Головкинге бокстағы басты мәселелер көрсетілді

Британдық CMboxing.co.uk сарапшылары GGG алдында бірқатар күрделі міндеттер тұрғанын атап өтті

Әлемдік бокс қауымдастығы талқылап жатқан басты тақырыптардың бірі – World Boxing ұйымының жаңадан сайланған президенті Геннадий Головкиннің алдағы жұмысы.

 Алайда британдық CMboxing.co.uk сарапшылары GGG алдында бірқатар күрделі міндеттер тұрғанын атап өтті.

Материалда айтылғандай, Головкиннің беделі зор болғанымен, бұл әлемдік әуесқой бокстағы жүйелі мәселелерді шешуге жеткіліксіз.

«Мәселе беделде емес. Мәселе – басқаруда. Мәселе – қаржыда. Мәселе – саясатта.Бокс талай жылдан бері дұрыс басқарудың орнына қаржыны, спортшылардың мүддесінен гөрі саясатты, ашықтықтың орнына пиарды таңдап келеді», – деп жазады басылым.

Сарапшылардың пікірінше, Головкин мен Пакьяо секілді тұлғалардың шынайы ниеті жақсы болғанымен, «бұзылған жүйені қалпына келтіру ниеті оны түзету мүмкіндігі бар дегенді білдірмейді».

Басылым қазіргі жағдайды:

«Бұл әзірге әдемі көрінетін сыртқы көрініс қана, ал шын мәнінде бокс түбегейлі қайта құрылымды қажет етеді», – деп қорытындылады.

Фото: Ақорда