Үш салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (42-0, 31 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуді ойлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кроуфордтың айтуынша, ол Әлімханұлы WBA титулын жеңген соң кездесуді жоспарлаған. Алайда қазақстандық боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен соң, Кроуфорд карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдаған.
«Мен 160 фунтқа түсіп, тарих жасағым келді – алты дүркін чемпион болуды көздедім. Бірақ Жәнібек допинг-тесттен өте алмады. Ол Лараны жеңіп, үш титулды біріктірер еді. Бұл жағдай барлық жоспарымды бұзды», – деді Кроуфорд Jai McAllister: BOXING & MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO титулдарының иегері ретінде 2025 жылғы 7 желтоқсанда WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лараға қарсы біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен соң кездесу өтпей қалды.
Айта кетейік, Теренс Кроуфорд 2025 жылғы 17 желтоқсанда карьерасын ресми түрде аяқтағанын жариялаған болатын.
Фото: ETIENNE LAURENT/EPA/ТАСС