Мәзір
Бокс

Теренс Кроуфорд пен Александр Усик Ташкентке арнайы келді

Сабина Асқарқызы 180 қаралым
Теренс Кроуфорд пен Александр Усик Ташкентке арнайы келді

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд пен суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион Александр Усик Өзбекстанға келді, деп хабарлайды malimsports.kz.

1bol.kz-тің жазуынша, қос чемпион 14 қараша күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтетін бокс кешінің құрметті қонақтары болады.

Бұл күні кештің басты бәсекесінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов (16-0, 14 КО) жеңілмеген нигериялық Соломон Адебайомен (14-0, 13 КО) кездеседі. Жкпе-жек сегіз раундқа есептелген. 

2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Шахрам Ғиясов (17-0, 11 КО) жартылай орта салмақта ресейлік Марк Урвановпен (25-4-2, 11 КО) қолғап түйістіреді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 КО) суперауыр салмақтағы нигериялық Монясаху Муритадормен (6-3-2, 5 КО) кездеседі. 38 жастағы украин боксшысы бір де бір рет жеңілмеген, алдымен бірінші ауыр, кейін суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Биыл шілде айында Усик америкалық Даниэль Дюбуаға (22-3, 21 КО) қарсы өткен реваншта қарсыласын нокаутқа жіберіп, суперауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағын қайта иеленді. Енді оның келесі жекпе-жегі ММА ережесі бойынша америкалық блогер Джейк Полмен (12-1, 7 КО) өтуі мүмкін. Ал Теренс Кроуфорд жақында ғана орта салмақта қос белбеу иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (WBO, IBF) арнап мәлімдеме жасап, «Мен сені бақылап жүрмін, Жәнібек», - деген болатын.

Фото: 1bol.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар