Мәзір
Бокс

Теренс Кроуфорд кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Теренс Кроуфорд кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады

Жеңілмеген әлем чемпионы, супер орта салмақтағы абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд бокстағы мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

38 жастағы америкалық боксшы бұл шешімін қыркүйек айында Канело Альваресті толық басымдықпен жеңген тарихи жекпе-жектен кейін үш ай өткен соң қабылдады.

Небраска штатының тумасы Кроуфорд Лас-Вегаста өткен кездесуде мексикалық аңыз Канело Альваресті айқын басымдықпен ұтып, супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған еді.

Боксшының айтуынша, бұл шешім шаршаудан емес, мансабын өз шарттарымен аяқтау ниетінен туған.

«Мен рингтен кетіп бара жатырмын. Бұл боксты қойғаным емес, өз уақытында жеңіспен кету деген сөз», – деді ол.

Кроуфорд мансабын 42 жеңіспен (31 нокаут) аяқтады. Ол WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпион атақтарын сақтап қалды. Ал WBC белбеуінен осы айдың басында санкциялық жарнаға қатысты дау салдарынан айырылған.

2008 жылы кәсіби рингке шыққан солақай боксшы үш онжылдыққа созылған мансабында әлемдік бокстың ең жарқын жұлдыздарының біріне айналды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар