Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атағынан айырылды
Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд WBC белбеуінен және абсолютті чемпион атағынан айырылды, деп хабарлайды malimsports.kz The Ring басылымына сілтеме жасап.
Таиландта WBC-тің 63-конвенциясы өтіп жатыр. Онда Кроуфордты екінші орта салмақтағы (76,2 кг дейін) чемпиондық белбеуден чемпиондық жарнаны төлемегені үшін айыру туралы шешім қабылданған.
Осылайша, 38 жастағы америкалық боксшы абсолютті әлем чемпионы атағынан да айырылды. Бұл мәртебені сақтау үшін боксшы бір уақытта төрт ұйымның — WBC, WBO, WBA және IBF — белбеулеріне ие болуы керек. Кроуфордтың еншісінде соңғы үш белбеу әлі де сақталған.
Айта кетсек, екінші орта салмақтағы бос қалған WBC белбеуін британдық Хамза Шираз бен француз Кристиан Мбилли таласады. Ал міндетті үміткер мәртебесі гватемалалық Лестер Мартинеске берілген.
Кроуфорд екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағын қыркүйек айында мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңу арқылы алған еді. Ол — тарихта үш түрлі салмақта абсолютті чемпион атағын алған алғашқы боксшы.
Фото: Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған