Мәзір
Бокс

Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Сабина Асқарқызы 82 қаралым
Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып 48 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов шықты. 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Теміртас ширек финалда непалдық боксшы Лал Прасад Упретимен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол жартылай финалда ресейлік Эдмонд Худоянмен жұдырықтасады.

Ал тағы бір әлем чемпионы, отандасымыз Сәкен Бибосынов (54 кг) ширек финалда Замбия өкілі Мвенго Мвалені 5:0 есебімен жеңді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар