457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандастарымыздан бірінші болып шаршы алаңға 43 келідегі Теміртас Жүсіпов шықты. Жартылай финалда 37 жастағы спортшы ресейлік Эдмонд Худоянмен кездесіп, тартысты айқаста төрешілер жеңісті қарсыласына берді. Осылайша Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Естеріңізде болса, Теміртас жартылай финалдық жолдамаға дейін непалдық Лал Прасад Упретимен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді. 1/8 финалда ол үндістандық Девендра Сингх Соланкиді төрешілердің ортақ шешімімен ұтты, ал ресейлік ширек финалда аустралиялық Коб Хантты мерзімінен бұрын жеңген.

Айта кетейік, Эдмонд Худоян – Ресейдің алты дүркін чемпионы, 2023 жылы Өзбекстандағы әлем чемпионатында қола медаль алған спортшы.

 

 

 

Фото: ҰОК