«Тарихтағы алғашқы»: АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлының жетістігіне болжам жасалды
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте жаттығып, алдағы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін біріктіру жекпе-жегіне дайындалып жатыр.
Бокс кеші 6 желтоқсанда өтеді.
Лос-Анджелестегі әйгілі Brickhouse Boxing Club әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық боксшының рингке оралуын жариялады. Қазір «Қазақ стилі» сол залда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, шешуші жекпе-жекке тыңғылықты дайындық жүргізуде.
Клуб жазбасында Жәнібектің басты мақсаты ерекше атап өтілді:
«Қазақстанның мақтанышы Жәнібек Әлімханұлы өз елінің тарихындағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы болуды мақсат етіп отыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі сәуір айында Астанада өткен еді. Сол кездесуде ол француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған