457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Танымал бапкер Жәнібек Әлімханұлына мақтауды жаудырды

Эрисланди Ларамен титулдарды абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады.

АҚШ-тың беделді бапкері Андре Розье орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының шеберлігіне жоғары баға берді.

«Жәнібек –  өте мықты жігіт, бірақ ол тым сирек жұдырықтасады. Дегенмен оның техникасы мен тактикасы мақтауға тұрарлық. Маған оның бокстасу мәнері ұнайды. Ол ірі, қуатты әрі соққылары өте дәл. Менің ойымша, ол екінші орта салмаққа да көтеріле алар еді», — деді Розье YSM Sports Media-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді. Бұл кездесуде ол WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен титулдарды абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық боксшының соңғы айқасы сәуір айында Астанада өткен болатын. Ол кезде «Қазақ стилі» француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өз белбеуін сенімді қорғаған еді.

Фото: elle.com.kz