Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокстың қиындығы туралы айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек «Ринг Сұлтаны» атты деректі фильмде кәсіби спорттағы жолы мен ринг сыртындағы жауапкершілік туралы ой бөлісті, деп жазады malimsports.kz.
Оның айтуынша, кәсіпқой бокс - тек физикалық дайындықты ғана емес, мықты мінез бен төзімділікті талап ететін ауыр жол.
«Кәсіпқой бокстың әркез өз қиындықтары болды. Сол кезде сынып қалмау керек», - деді боксшы.
Сұлтан Заурбек соңғы жылдары халықаралық ареналарда Қазақстан атынан табысты өнер көрсетіп жүр. Ол жоғары деңгейдегі жекпе-жектерде өзін техникалық тұрғыда да, тактикалық тұрғыда да дамытып, тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде айқасуға дайын екенін дәлелдеді. Әрбір жекпе-жек оның кәсіби өсуіне жаңа сабақ болып келеді.
Боксшының айтуынша, кәсіпқой рингтегі ең басты сынақ - қысымға төтеп беру. Жеңіліс те, ұзақ дайындық та, жарақаттар да спортшыны шыңдайды. Осындай сәттерде ішкі сенімді жоғалтпау, мақсаттан таймау аса маңызды. Заурбек дәл осы қасиеттері арқылы өз жолын жалғастырып келеді.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған