Странджа турнирі: Қазақ боксшыларының қарсыласы анықталды
23 ақпанда Болгария астанасы София қаласында 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Биылғы додаға 31 елден 338 боксшы (209 ер, 129 әйел) қатысады. Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы қарсыластары анықталды.
Ерлер құрамасы
50 келі (13 боксшы)
1/8 финал: Бекзат Алдамжаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы).
1/4 финал: Даниал Сәбит – Улас Ялчинкая (Түркия).
55 келі (23 боксшы)
1/16 финал: Бағлан Кенжебек – Ниджат Гусейнов (Әзербайжан, Париж Олимпиадасының қатысушысы, U22 санатында екі дүркін Еуропа чемпионы).
Тимур Қабдешов – Пэтси Джойс (Ирландия, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері).
60 келі (29 боксшы)
1/16 финал: Руслан Күзеубаев – Салим Еллис Бей (АҚШ чемпионы, 20 жеңіс сериясы бар).
Жексен Бейбарыс – Лундаа Гантумур (Моңғолия, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері).
Келесі кезеңде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Луис Оливейрамен (Бразилия) кездесуі мүмкін.
65 келі (25 боксшы)
1/16 финал: Әбдіғалым Әбдікәрім – Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан, Ислам ойындарының жеңімпазы).
Илья Калинин – Заур Кахраманов (Әзербайжан).
Келесі айналымда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юри Фалькаомен (Бразилия) жолығуы ықтимал.
Ертуған Зейнуллинов – Джейсон Невин (Ирландия).
70 келі (27 боксшы)
1/16 финал: Фарух Тоқтасынов – Арсен Чабиан (Австрия).
Келесі кезеңде әлем чемпионатының қола жүлдегері Байрамдурды Нурмухаммедовпен (Түрікменстан) кездесуі мүмкін.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы).
80 келі (27 боксшы)
1/16 финал: Диас Молжігітов – Робби Гонзалес (АҚШ, 2021 жылғы әлем чемпионы).
Санжарали Бегалиев – Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия).
Келесі айналымда әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездесуі мүмкін.
85 келі (16 боксшы)
1/8 финал: Сұлтанбек Айбарұлы – Саба Квиникадзе (Грузия). Ширек финалда әлем чемпионы Акмалжон Исроиловпен (Өзбекстан) жолығуы ықтимал.
Бекзат Таңатар – Паоло Карусо (Италия).
90 келі (20 боксшы)
1/16 финал: Дәулет Төлемісов – Семён Болдырев (Болгария).
1/8 финал: Нурмагамед Юсупов – Коннор Уильямс (Ұлыбритания).
+90 келі (17 боксшы)
1/8 финал: Нұрлан Сапарбай – Даниал Сапарбай (Қазақстан).
Әйелдер құрамасы
48 келі (7 боксшы)
1/4 финал: Айгерім Сәттібаева – Ханна Охота (Украина, 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері).
Анель Құдайберген – Сабина Бобокулова (Өзбекстан, 2025 жылғы әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері).
51 келі (24 боксшы)
1/16 финал: Жазира Орақбаева – Фатиха Мансури (Алжир).
Анита Адишева – Кейтлин Фрайерс (Ирландия).
54 келі (16 боксшы)
1/8 финал: Жайна Шекербекова – Тала Хаббас (Болгария).
Анель Сақыш – Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия).
Элина Базарова – Моник Сурачи (Австрия).
57 келі (16 боксшы)
1/8 финал: Ұлжан Сарсенбек – Айдана Забынбекова (Қазақстан).
60 келі (19 боксшы)
1/8 финал: Римма Волосенко – Алиша Крокетт (АҚШ).
Виктория Графеева – Гизем Озер (Түркия) / Келли Маклафлин (Ирландия).
65 келі (17 боксшы)
1/8 финал: Аружан Жаңабаева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан, әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері).
Лаура Есенкелді – Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ).
70 келі (12 боксшы)
1/8 финал: Мадина Нұршаева – Дилара Сак (Түркия).
1/4 финал: Бақыт Сейдіш – Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия).
75 келі (8 боксшы)
1/4 финал: Валентина Хальзова – Амалия Нита (Румыния).
Мария Сидоренко – Наоми Грэм (АҚШ, 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері).
80 келі (3 боксшы)
Финал: Надежда Рябец – Ярен Дюзташ (Түркия) / Рухшона Парпиева (Өзбекстан, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері).
+80 келі (7 боксшы)
1/4 финал: Дина Исламбекова – Хавванур Кетхюда (Түркия, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы).
Валерия Аксенова – Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан, 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері).
Осылайша, «Странджа» турнирінде қазақстандық боксшыларды алғашқы кезеңнен-ақ мықты қарсыластар күтіп тұр. Турнир қорытындысы ұлттық құраманың халықаралық маусым алдындағы деңгейін айқындайды.
Фото: ҚР бокс федерациясы
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған