457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Странджа» кубогы: әйелдер құрамасынан 16 боксшы ширек финалға өтті 

26 ақпан күні шаршы алаңға 15 аруымыз шығып, 1/4 финалда жұдырықтасады

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінің үшінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz
26 ақпан күні шаршы алаңға 15 аруымыз шығып, 1/4 финалда жұдырықтасады. Олардың қатарында Жайна Шекербекова (54 келі), Анель Сақыш (54 келі), Элина Базарова (54 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Лаура Есенкелді (65 келі) сынды боксшылар бар. 
Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Анель Құдайберген (48 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Мария Сидоренко (75 келі), Дина Исламбекова (+80 келі), Валерия Аксенова (+80 келі) жарысты бірден ширек финалдан бастайса, Надежда Рябец (80 келі) финалда қарсыласын күтеді.

Жалпы, 26 ақпандағы төртінші жарыс күнінде 19 боксшымыз өнер көрсетеді. 

Фото: ҚР бокс федерациясы