457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Странджа кубогі: екі қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін айқасады

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогында Қазақстан құрамасының екі боксшысы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ширек финал нәтижесі бойынша Даниял Сәбит (50 келіге дейін) пен Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) финалға шығу үшін шаршы алаңға көтеріледі.

Ал Бағлан Кенжебек (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін), Бекзат Таңатар (85 келіге дейін), Нурмагамед Юсупов (90 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) жарыс жолын ширек финалда аяқтады.

Жартылай финалдық кездесулер 28 ақпанда өтеді.

 

 

Фото: ҰОК