Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласындағы халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шетелдік 024boxing.com сайты әлеуметтік желілерде отандық боксшылардың өнеріне тәнті болды. Аталған БАҚ қазақстандық боксшылардың үш ерекше жекпе-жегін атап өтті: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан және Төрехан Сабырханның өнері ерекше таңданыс тудырды.
22 жастағы Санжар Тәшкенбай (екі дүркін әлем чемпионы) Испанияның жас талантты боксшысы Исмаэль Маграуиді жеңіп, 50 кг салмақ дәрежесінде жарқын жекпе-жектер өткізді. Ал Махмұд Сабырхан (екі дүркін әлем чемпионы) ағылшын Эллис Троубриджпен кездесуінде тартысты әрі стратегиялық айқас көрсетті, алғашқы раундта турнирдегі үздік сәттердің бірін жасады. 19 жастағы Төрехан Сабырхан 70 кг салмақта аса қиын өткен екінші раундтан кейін үндістандық Дипакқа қарсы кездесуін өз пайдасына шешті.
Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы Испаниядан 17 медальмен оралды: 6 алтын, 5 күміс және 6 қола. Турнирге ерлер мен әйелдер командалары қатысты.
Фото: ҚФБ