457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серік Теміржанов пен Санатәлі Төлтаев жартылай финалға шыға алмады

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серік Теміржанов ширек финалда тәжікстандық Акмаль Убайдовпен кездесті. Аса тартысты өткен айқаста жерлесіміз қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Екінші раундта отандасымыз нокдаунға да түсіп қалды.

67 келіде сынға түскен Санатәлі Төлтаев та жартылай финалға өте алмады. Ол Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевтан 1:4 есебімен жеңілді.

Осылайша, бес боксшымыз жарысты ширек финалда аяқтады. Бұған дейін Ерасыл Жақпеков (81 кг), Нұрмұхаммед Юсупов (92 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Серік Теміржанов (60 кг) да жарыс жолынан шығып қалған еді.

 

 

Фото: ҰОК