Серік Теміржанов Азия ойындарының чемпионын үйіне қайтарды
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов (60 келі) Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде аяқтады.
қОтандасымыз 1/16 финалда мыты қарсылас – 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы, кәсіби бокста 14-0 (6 KO) рекорд иесі моңғолиялық Цэндбаатар Эрдэнэбатпен жұдырықтасты. Серік жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті күн болды. Бүгін рингке шыққан барлық отандастарымыз жеңіске жетті:
Сабыржан Аққалықов (75 кг) – қарсыласын нокаутпен жеңді;
Даниял Сәбит (51 кг) – сенімді жеңіс;
Сәкен Бибосынов (54 кг) – айқын басымдықпен алғашқы кезеңнен өтті;
Серік Теміржанов (60 кг) – тәжірибелі қарсыласын таза жеңді.
Қазақстан боксшылары әлем чемпионатын мықты бастады. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған