Мәзір
Бокс

Сауль Альварес алғаш рет әлемдік рейтингте үздік ондықтан тыс қалды

Сабина Асқарқызы 62 қаралым
Сауль Альварес алғаш рет әлемдік рейтингте үздік ондықтан тыс қалды

The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларын анықтайтын Pound-for-Pound рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Биыд қыркүйекте Теренс Кроуфордтан жеңілген Сауль «Канело» Альварес ұзақ уақыттан бері алғаш рет рейтингте үздік ондықтың қатарына енбей қалды.

Рейтингтің алғашқы екі сатысында өзгеріс жоқ: Теренс Кроуфорд көш басында қалса, Александр Усик екінші орнын сақтап қалды. Джесси Родригес төртінші орынға көтерілсе, Дэвин Хэйни үздік ондықтың соңғы сатысына жайғасты.

The Ring журналы ұсынған P4P үздік 10 боксшы тізімі:

1. Теренс Кроуфорд

2. Александр Усик

3. Наоя Иноуэ

4. Джесси Родригес

5. Дмитрий Бивол

6. Артур Бетербиев

7. Дзунто Накатани

8. Шакур Стивенсон

9. Давид Бенавидес

10. Дэвин Хэйни

 

 

Фото: instagram.com/canelo

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар