Санжарәлі Бегалиев әлем кубогының финалына шыға алмады
Делиде бокстан өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалдық жекпе-жектері жалғасуда. 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Санжарәлі Бегалиев англиялық Шиту Оладимеджи кездесуде өз мүмкіндігін мүлт жіберді, деп жазады malimsports.kz.
Бірінші раундта төрешілер басымдықты британдық боксшыға түгелдей берді, 5:0 есебін тіркеді. Екінші раундта тағы да Оладимеджидің пайдасына шешім шықты, 3:2 нәтидесі шығарылды. Ал жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңіс англиялық спортшыға берілді.
Осылайша, Санжарәлі Бегалиев әлем кубогының финалдық кезеңіне шыға алмай, қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.
Айта кететін жайт, Санжарәлі Бегалиев былтыр жастар арасындағы әлем чемпионы (75 кг) атанған. Биыл ол 80 келіде дебют жасап, U-22 Азия біріншілігінің чемпионатында жеңімпаз атанды. Кейін ол ересектер арасында ел чемпионатында үшінші орынға ие болған.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған