Мәзір
Бокс

Санжарәлі Бегалиев Әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 135 қаралым
Санжарәлі Бегалиев Әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екі боксшысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер арасында өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев жарысты сенімді жеңіспен бастады. 80 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде ол кореялық Минсенг Кимді 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді Бегалиев 18 қарашада 1/2 финалда ағылшын спортшысы Тоаред Шиттумен кездеспек.

Ал әйелдер құрамасынан алғашқы болып рингке шыққан Ақбота Болат (48 кг дейін) қарсыласынан жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Ол үндістандық Минакши Минакшиге 0:5 есебімен есе жіберді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар