Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай әлем кубогының иегері атанды
Қазақстан құрамасының боксшылары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
50 келі салмақта сынға түскен екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай финалда Азия чемпионы, өзіне жақсы таныс өзбекстандық Асилбек Жалиловпен қолғап түйістірді. Тартысқа толы жекпе-жек қорытындысында төрешілердің шешімімен қазақстандық былғары қолғап шебері 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Санжар Тәшкенбай жарыс барысында жартылай финалда испаниялық Мартин Молина Сальвадорды 5:0 есебімен, ал ширек финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевті де 5:0 есебімен ұтқан болатын.
Ал аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Айбек Оралбай финалда Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті. Үш раундқа созылған кездесуде отандасымыз барлық төрешінің қолдауына ие болып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да кездесіп, сол жолы да Айбек Оралбай жеңіске жеткен еді.
Айбек Оралбай жартылай финалда бразилиялық Жоел Рамосты 3:2 есебімен, ширек финалда британдық Мэтью Уильямсты 5:0 есебімен және 1/8 финалда америкалық Нажай Райтты 5:0 есебімен жеңген болатын.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған