Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (50 келі) Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жартылай финалдағы тартысты айқас
Отандасымыз жартылай финалда кубалық Алехандро Кларо Фиспен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Санжар ұпай айырмасымен қарсыласынан қалып қойған еді. Дегенмен екінші раундта күш жинап, ауыр соққымен кубалықты нокдаунға түсірді. Осы сәт жекпе-жектің бағытын түбегейлі өзгертті.
Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақстандық былғары қолғап шеберіне берілді. Кубалық боксшы жарысты қола медальмен аяқтады.
Финалдағы мүмкіндік
Осылайша, 2023 жылғы әлем чемпионы әрі 2022 жылғы Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай финалға шығып, алтын медаль үшін таласатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін 48 келі салмақтағы қазақстандық боксшы Назым Қызайбай да финалға жолдама алған еді.
Фото: ҰОК

Ең көп оқылған
