457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Санатәлі Төлтаев Әлем кубогын жеңіспен бастады

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Санатәлі Төлтаев жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/16 финалда Әзербайжан спортшысы Малик Хасановпен кездесті.

Жекпе-жек тартысты өтіп, қос спортшы алғашқы минуттардан-ақ белсенді шабуылдарға көшті. Екі тарап та бірнеше нәтижелі соққымен алмасқанымен, екінші раундта әзербайжандық боксшы қабағынан жарақат алды. Дәрігерлердің шешімінен кейін кездесу тоқтатылып, жеңіс Санатәлі Төлтаевқа берілді.

Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Сонымен қатар Әлем кубогының екінші жарыс күнінде тағы бес қазақстандық спортшы рингке көтеріледі.

75 келіде Тимур Нұрсейітов Ирландия өкілі Тадхг О'Доннеллмен қолғап түйістірсе, 55 келіде Тимур Қабдешов Бразилия спортшысы Келви Триндадқа қарсы шығады.

Ал 90 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі.

Әйелдер арасында 54 келіде Назым Қызайбай Оңтүстік Корея өкілі Им Э Джимен жұдырықтасады. Сондай-ақ 70 келіде Лаура Есенкелді Испания спортшысы Уния Мартинес Масқа қарсы шаршы алаңға шығады.

 

Фото: instagram.com/drs_kz