457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы төрешілердің 4:1 есебімен басым ұпай берудің арқасында келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін сәтті аяқтады.

67 келі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Төлтаев Замбия спортшысы Джеральд Кабиндамен жұдырықтасты. Тартысты өткен айқаста қазақстандық боксшы төрешілердің 4:1 есебімен басым ұпай берудің арқасында келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы әлемдік біріншіліктегі жорығын жалғастырады. Ал Кабинда турнирден шығып қалды.

Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Құрлықтағы ең ірі жарыстардың бірі саналатын бұл турнирдің жүлде қоры – 8,32 млн доллар.

Фото: ашық дереккөз