457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Саматәлі Төлтаев келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді

Қазақстандық жеңіл салмақта өнер көрсететін боксшы Саматәлі Төлтаев (7-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін 25 шілде күні Алматыда өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортшы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кешіне қатысады.

26 жастағы боксшының қарсыласы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл жекпе-жек Төлтаев үшін сәуір айынан кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Ол соңғы рет Бангкокта өткен жекпе-жекте вьетнамдық Хонг Куан Динді (12-3-1, 4 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді.

Осы жеңістен кейін қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі жеңіліссіз сериясын сақтап қалды – 7 жекпе-жек, 7 жеңіс.

Сол бокс кешінің басты айқасында Әли Ахмедов (25-2, 17 КО) Оңтүстік Африка Республика өкілі Асемахле Веллеммен (11-2-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

 

Фото: ҚБФ