Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегіне дайындығы белгілі болды
SAQ Pro Team командасының бас бапкері Дәулет Нұрланұлы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жекке дайындығы қалай өтетінін айтты, деп жазады malimsports.kz.
28 тамыз күні Халықаралық бокс күніне орай ұйымдастырылатын IBA Nomad турнирінде екі дүркін әлем чемпионы әрі 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – WBO Africa белбеуінің иегері, соңғы алты жылда жеңіліс көрмеген африкалық боксшы Иммануэль Йозеф (18 жеңіс, 4 жеңіліс, 1 тең нәтиже).
Дәулет Нұрланұлының айтуынша, Бибосыновтың негізгі дайындығына оның туған ағасы әрі жеке бапкері Тастемір Бибосынов жетекшілік етеді. Ал SAQ Pro Team жаттығу процесіне қажетті қолдау көрсетеді.
«Сәкеннің дайындығы SAQ Pro Team залында өтеді. Жаттығу жұмыстарына оның ағасы әрі жеке бапкері Тастемір Бибосынов жетекшілік етеді. Біз де залда болып, қолдан келген көмегімізді көрсетеміз. Бұл жекпе-жекке қатысты шешімді Сәкен мен оның ағасы қабылдады. Бұрышта Тастемір Бибосыновпен бірге Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов та болады», – деді бас бапкер.
Айта кетейік, алдағы кездесу Сәкен Бибосынов үшін кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұл айқас оның кәсіби мансабындағы маңызды сынақтардың бірі ретінде бағаланып отыр.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған