Мәзір
Бокс

Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы анықталды

Сабина Асқарқызы 144 қаралым
Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы анықталды

Әлем чемпионы және Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық боксшы 25-26 қазан күндері Бішкекте өтетін бокс кешінде жергілікті спортшы Әділет Қачқынбековпен (3-6, 1КО) кездеседі. Жарыс Saikou X Lush промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен, WBA Asia және IBF қолдауымен «Бішкек Аренада» өтпек.

Айта кетейік, осы кеште Бибосыновтың бұрынғы қарсыласы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов та рингке шығып, мексикалық Рене Каликсто Бибианомен (23-1-1, 9КО) қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 20 шілдеде өткізіп, филиппиндік Кристиан Леганды (6-2-3, 4КО) нокаутпен жеңген болатын.

 

Фото: saikoulush

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар