Мәзір
Бокс

Сәкен Бибосынов WBA титулына таласады

Сабина Асқарқызы 121 қаралым
Сәкен Бибосынов WBA титулына таласады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізіп, мансабындағы алғашқы титул үшін айқасады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл жолы ол индонезиялық Сурия Дхармамен қолғап түйістіреді. Қарсыласының көрсеткіші – 4 жеңіс (3 нокаут).

Жекпе-жекте боксшылар WBA Asia белбеуі үшін таласады. Кездесу 17 сәуірде Бішкек қаласында өтеді.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың шілдесінде Бішкекте өткізіп, филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңген. Кейін ол жергілікті боксшы Адилет Качкынбековті төрешілердің шешімімен ұтқан.

 

 

Фото: ҚФБ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар