Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте Сәкен жергілікті спортшы Әділет Качкынбековке қарсы шаршы алаңға шықты.
Қос боксшы да кәсіпқой деңгейде екінші рет өнер көрсетті. Алты раунд бойы тең дәрежеде өткен айқаста төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Сәкен Бибосыновқа берілді – 60:53, 60:53, 58:55.
Осылайша, Сәкен кәсіпқой бокста қатарынан екінші рет жеңіске жетті.
Еске салайық, Бибосыновтың дебюттік жекпе-жегі биыл 20 шілдеде өткізіп, сол кездесуде ол филиппиндік Кристиан Леганды бірінші раундта нокаутқа жіберіп, кәсіпқой мансабын сенімді түрде бастаған болатын.
Фото: ҰОК