Сәкен Бибосынов Дубайба екі дүркін әлем чемпионы атанды
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық былғары қолғап шебері Дубайда өтіп жатқан біріншілікте ресейлік Вячеслав Рогозиннен басымтүсті.
Отандық атлет Бибосынов бұған дейін 2021 жылғы әлем чемпионатында үздік шыққан еді. Бұдан бөлек, 2019 жылғы біріншілікте қола медаль алған. Бұдан бөлек оның Токио Олимпиадасында тәуір нәтиже көрсетті.
Сәкен биылғы чемпионатта Ботсвана, Танзания, Замбия және Непал боксшыларынан басым түсіп, финалға жетті. Ресейлік Вячеслав Рогозин – Ресей чемпионатының үздігі, турнирдің ең жас әрі қауіпті боксшыларының бірі саналды.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған