457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сәкен Бибосынов Азия ойындарына кім баруы керек деген сауалға жауап берді

Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Азия ойындарына жолдама үшін Махмұд Сабырханмен арадағы бәсекелестік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын боксшылардың нақты тізімі әлі бекітілмегенін айтқан болатын. Қазіргі таңда жаттықтырушылар штабы екі құраммен жұмыс істеп жатыр. Соңғы шешім оқу-жаттығу жиындарынан кейін қабылданады.

Құрамадағы ең тартысты салмақ дәрежелерінің бірі – 55 келі. Бұл салмақта екі дүркін әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан бақ сынап жүр.

Түркістан облысының өкілі Бибосыновтың айтуынша, кімнің Азия ойындарына баратынын федерация шешеді. Егер таңдау Махмұд Сабырханға түссе, оған барлығы қолдау көрсетеді.

Екеуіміздің де мүмкіндік бар. Егер Махмұд Азия ойындарына баратын болса, оған сәттілік тілейміз. Ел намысын абыроймен қорғап, алтын медаль әкелсін деп жанкүйер боламыз, – деді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов те ұлттық құрамадағы бәсекелестікке қатысты пікір білдіріп, оның спортшылардың деңгейін арттыратынын, алайда Төрехан Сабырханмен жеке текетірес жоқ екенін айтқан еді.

 

Фото: ҰОК