Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстанның танымал боксшысы, Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (54 кг) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.
Дүбірлі дода Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр. 1/16 финалда Сәкен Ботсвана боксшысы Катлего Кеорапецемен кездесіп, оған еш мүмкіндік бермеді. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ толық бақылауды өз қолына алған қазақстандық боксшы барлық раундта айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жетті.
Бибосынов бұл салмақтағы басты фавориттердің бірі саналады. Олимпиада жүлдегері және әлем чемпионы ретінде ол Дубайға тек бір мақсатпен – чемпион атану үшін келгені анық.
Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
Фото: ҰОК
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған