Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атану үшін соңғы жорығын бастайтынын мәлімдеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әлеуметтік желідегі парақшасында мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жеңіліс көрмеген спортшы әлем чемпионы атану үшін алдағы бес жылға жоспарын жариялады.
«Бұл спорттағы жол өте ауыр. Бұл - менің титул үшін соңғы жорығым. Алдағы бес жылда осы спорттың ең биік шыңына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», - деп жазды боксшы.
Ахмедов мақсатқа жету жолында жарақат пен түрлі сынақтар кездесетінін атап өтті. Дегенмен оның айтуынша, еңбекқорлық пен қайсарлық адамды алға қойған мақсатына жеткізеді.
Айта кетейік, 28 жастағы Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен тең түскен. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы алғашқы тең нәтижесі болды.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған