Мәзір
Бокс

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутпен жеңді

Сабина Асқарқызы 227 қаралым
Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутпен жеңді

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы сенімді жеңіске жетті.

75 келі салмақта сынға түскен Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

Отандасымыз Сейшель аралдарынан келген Джошуа Аарон Кузинмен кездесіп, айқасты толық бақылауда ұстады. Екінші раундта Сабыржан қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл жеңіс Аққалықовқа әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама береді. Енді ол Дубайдағы бәсекеде медаль үшін күресін жалғастырады.

Сабыржан Аққалықовтың жетістіктері:

2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы

Қазақстандық боксшының келесі айқасы қашан өтетіні кейінірек белгілі болады.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар