457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сабыржан Аққалықов мерзімінен бұрын әлем чемпионатының финалын шықты

Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы Сабыржан Аққалықов финалға мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

75 келі салмақта сынға түсетін Аққалықов жартылай финалда өзбек боксшысы Фазлиддин Эркинбоевпен кездесу тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты рингке шыға алмайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде Сабыржан финал жолдамасын автоматты түрде иеленді.

Шешуші жекпе-жекте ол ресейлік Исмаил Муцольгов пен Мали спортшысы Джибрил Траоре арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов бұған дейін World Boxing кубогында топ жарып, беделді «Странджа» турнирінде чемпион атанған тәжірибелі спортшы.

 

 

Фото: ҚФБ