Мәзір
Бокс

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы 124 қаралым
Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Сабыржан әлем чемпионатында Аққалықов күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласқа берілді. 

Сабыржанның жартылай финалдағы қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмай, қазақстандық боксшы шешуші кезеңге тікелей өткен еді.  Сондай-ақ, Аққалықов өз мықтылығын толық дәлелдеді. Екі қарсыласын нокаутпен жеңіп, чемпиондыққа лайық деңгейде екенін көрсетті.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы Дубайдағы әлем біріншілігін жоғары көрсеткішпен аяқтап отыр. Бұған дейін ұлттық құрама қоржынына үш алтын медаль түскен болатын – Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) әлем чемпионы атанды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар