Ресми: Мейірім Нұрсұлтановтың рингке оралатын күні жарияланды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20 жеңіс, 11 нокаут) келесі қарсыласы ресми түрде белгілі болды. Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз америкалық Хесус Рамоспен (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 19 нокаут) жұдырықтасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек 2026 жылғы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы Pechanga Arena спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесу бокс кешінің басты айқасының алдындағы ко-мейн ивент мәртебесінде ұйымдастырылады.
Мейірім Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекке әлем чемпионы атағына міндетті үміткер ретінде шығады. Сондықтан бұл кездесу оның чемпиондық белбеу үшін өтетін болашақ айқасына жол ашатын маңызды сынақ болмақ.
Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қараша айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға көтерілген болатын. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, кәсіпқой рингтегі жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Фото: instagram.com/kazakhboxing
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған