457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресми: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың даңқ залына енді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында Халықаралық бокстың даңқ залына (IBHOF) жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Биыл бұл мәртебелі тізімге Қазақстан тарихында алғаш рет әйгілі боксшы Геннадий Головкин енді.

Головкин кәсіби бокстағы ерекше жетістіктерінің арқасында Даңқ залына алғашқы мүмкіндікпен қабылданды. Бұл – әлемдік бокс қауымдастығындағы ең жоғары марапаттардың бірі саналады. Енді қазақстандық спортшының есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс аңыздарымен бір қатарда аталады.

Геннадий Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болды. Ал кәсіпқой мансабында 45 кездесу өткізіп, 42 жеңіске қол жеткізді, оның 37-сін нокаутпен аяқтады. Ол әр жылдары WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring белбеуін иеленді.

Қазақстандық боксшы орта салмақта бірқатар тарихи рекорд орнатты. Оның қатарынан 23 нокауттық жеңісі дивизион тарихындағы ең ұзақ сериялардың бірі ретінде тіркелсе, әлем чемпионы титулын 21 рет қорғауы да ерекше көрсеткіш саналады. Қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып, World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарып келеді.

 

Фото: ҰОК