457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Беларусь World Boxing ұйымына қосылды

World Boxing ұйымы қатысушылар құрамын кеңейтті: оған Ресей, Беларусь және бірнеше ұлттық федерация қосылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Енді ресейлік боксшылар World Boxing аясындағы турнирлерге – соның ішінде әлем чемпионаттары мен Олимпиадаға іріктеу жарыстарына қатыса алады. Дегенмен, Ресей мен Беларусь спортшылары бейтарап мәртебеде (AIN) өнер көрсетуі мүмкін.

Ұйым мәліметінше, жаңа қатысушыларға әзірге «бекітілген мүшелер» мәртебесі берілді. Бұл мәртебе турнирлерде өнер көрсетуге мүмкіндік берсе де, 2026 жылғы Конгресте дауыс беруге құқық бермейді.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік боксшылар Париж-2024 Олимпиадасынан тыс қалған еді.

 

 

 

Фото: instagram.com/iba_official/