457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей чемпионына шабуыл жасаған жеті адам сот үкім шығарды 

Бокстан Ресей және Еуропа чемпионы Дмитрий Двалиға шабуыл жасаған жеті адам түрме жазасына кесілгені белгілі болды

Бокстан Ресей және Еуропа чемпионы Дмитрий Двалиға шабуыл жасаған жеті адамға сот үкімі шығып, олар 1,5 жылдан 3,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды malimsports.kz

2024 жылдың шілде айында Дмитрий Двали досымен бірге Феодосия қаласының жағалауында белгісіз бір адамды ұрып жатқан топтың арасына түсіп, жәбірленушіні қорғауға тырысқан. Алайда, сол кезде боксшы мен оның досы өздері де қатты соққыға жығылып, түрлі дәрежедегі жарақат алған. Дмитрий Двали көзінен айырылып қала жаздап, бірнеше операция жасалды.

Тергеу комитетінің мәліметінше, шабуыл жасаған күдіктілерге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылған. Барлық айыпталушылар өз кінәсін толық мойындаған.

Тағы екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлініп шығарылған.

Оқиғадан кейін Дмитрий Двали өзін батыр санамайтынын айтқанымен, Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин боксшыны ведомстволық «Ерлік пен батылдық» медалімен марапаттаған. 

Фото: ТАСС