457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қырғызстан ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қатысты тексеруді бастады

Тексеруге Екатерина Биволдың көлік жүргізіп келе жатып, түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қырғыз халқына бағыттап айтқан қорлау сипатындағы сөздері себеп болған.

Қырғыз ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қатысты тексеру бастағанын хабарлады, деп жазады malimsports.kz AKIpress агенттігіне сілтеме жасап. 

Тексеруге Екатерина Биволдың көлік жүргізіп келе жатып, түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қырғыз халқына бағыттап айтқан қорлау сипатындағы сөздері себеп болған. Оның әрекеті әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды.

Қырғызстан ІІМ өкілдері бұл әрекетті ұлт аралық сыйластық пен төзімділік қағидаларына қайшы деп бағалап отыр.

«Мұндай іс-әрекеттерге жол беруге болмайды. Олар адамгершілік пен құқық нормаларына қарсы. Кім қай елде тұрса да, өшпенділік пен араздықты қоздыруға болмайды», - деп жазылған ІІМ мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта бұл дерек ресми түрде тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Дмитрий Бивол - Ресей мен Қырғызстан атынан өнер көрсететін кәсіби боксшы. Оның еншісінде 24 жеңіс (12-сі нокаутпен) және жалғыз жеңіліс бар (Артур Бетербиевтен). Ол жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Бұған дейін бұрынғы жары Екатерина Бивол боксшыны зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық, балаларға салғырт қарау сияқты айыптармен бірнеше рет көпшілік алдында сынаған. Сондай-ақ ол бұрынғы күйеуіне рингтегі жеңілістерді ашық түрде тілеген. Осыған байланысты прокуратура Екатерина Биволға бұрынғы жұбайы туралы жағымсыз пікірлерді жария түрде таратуға тыйым салған.

Фото: instagram.com/bivol_kate