457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қырғыз боксшыларына әлем чемпионатына қатысу үшін кедергі жасалды

Қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылғанына қарамастан, БАӘ виза бермегені белгілі болды.

3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін IBA әлем чемпионатына Қырғызстанның он бірдей боксшысы қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Sport АКИpress дерегінше, федерация осындай мәлімдеме жасаған. Себебі қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылғанына қарамастан, БАӘ виза бермеген көрінеді. 

Қырғыздың бокс федерациясы бастапқыда жарысқа 13 боксшы қатысатынын жариялаған. Алайда виза тек екі спортшыға - Омар Ливаза (63,5 кг) мен Алмаз Орозбековке (67 кг), сондай-ақ бас бапкер Данияр Тологон уулуна ғана беріліп, қалған он боксшыға виза берілмеген. 

Виза ала алмаған боксшылар қатарында Анваржан Ходжиев (48 кг), Мирлан Туркбай уулу (51 кг), Санжай Сейдакматов (54 кг), Рыспек Бектенов (60 кг), Ихтияр Нишонов (71 кг), Сыргак Абдыжапар уулу (75 кг), Омурбек Бекжигит уулу (80 кг), Эркин Адылбек уулу (85 кг), Бакыт Токтосун уулу (92 кг) және Мырзакир Кошалиев (92+ кг) сынды спортшылар бар. 
Айта кететін жайт, әлем чемпионаты қарсаңында 46 елдің спортшылары осыған ұқсас қиындыққа тап болғаны айтылды. 

Фото: Ашық дереккөзден