457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның үш дүркін чемпионы Дубайдағы біріншілікті сәтті бастады

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Даниял 1/16 финалда кениялық Кельвин Майнамен кездесті

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Даниял Сәбит алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Даниял 1/16 финалда кениялық Кельвин Майнамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Қазақстанның үш дүркін чемпионы келесі кезеңге жолдама алды. Ал Кения өкілі турнирдегі жорығын дәл осы тұста аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін ұлттық құраманың бес боксшысы алғашқы айналымнан сенімді түрде өткен.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 млн доллар.