Қазақстанның бес боксшысы Әлем кубогының финалына жолдама алды
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы бұл сатыны сәтті өткізіп, бірден бес боксшысын алтын медаль үшін таласқа қосты.
50 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Мартин Сальвадорды жеңіп, финалға шықты. Ал үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 келіге дейін) тайландтық Натничи Чонгпронглангтан басым түсіп, кезекті мәрте шешуші кезеңге жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибекованы сенімді түрде жеңсе, Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) иорданиялық Зейяд Ишаиштен басым түсті.
Қазақстанның бесінші финалисі – аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай. Ол жартылай финалда бразилиялық Жоэль Рамосты жарыс жолынан шығарды.
Ал Аида Әбікеева, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова жартылай финалда тоқтап, Әлем кубогының қола жүлдесін қанағат тұтты.
Айта кетейік, Гуйяндағы Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері 21 маусымда өтеді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған