Қазақстандық қос боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
U23 санаты бойынша 48 келі салмақтағы Гүлназ Бөрібаева жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда Үндістан өкілі Нидхимен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен 3:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.
Сондай-ақ 51 келі салмақта сынға түскен Анита Адишева да Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда Вьетнам спортшысы Зи Нгок Тран Нгуенмен қолғап түйістірді. Айқас барысында дәл соққыларымен ерекшеленген қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының екі өкілі де құрлық біріншілігінің жүлдесіне таласатын кезеңге өтті.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған