457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық нокаутер чемпиондық белбеуге таласады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін сарапқа салатын жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Титулдық кездесу 25 шілде күні Алматы қаласында өтеді. Кештің басты айқасында Әли Ахмедов оңтүстікафрикалық боксшы Асемахле Веллеммен қолғап түйістіреді.

Жекпе-жекке қазақстандық спортшы WBA Asia чемпионы ретінде шықса, оның қарсыласы WBO Africa белбеуінің иегері саналады. Сондықтан бұл кездесу әлемдік деңгейдегі маңызды айқастардың бірі болмақ.

Тартысты жекпе-жектің жеңімпазы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.

Әли Ахмедов соңғы рет 2025 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға көтеріліп, ганалық Делали Миледзиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Ал Асемахле Веллем мамыр айындағы соңғы жекпе-жегінде ганалық Принс Око Нартейді нокаутпен жеңіп, кезекті мәрте өз мүмкіндігін дәлелдеген болатын.

 

Фото: Instagram/ali_akhmedov_officialpage