Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жаңа тізімде қазақстандық боксшылар төрт салмақта бірінші орынға шықты. Қалған бес салмақта бірінші орындарды өзбекстандық спортшылар иеленген.
Қазақстан құрамасы сапынан көш бастаған боксшылар:
50 кг – Санжар Тәшкенбай (1650 ұпай)
55 кг – Махмуд Сабырхан (1650 ұпай)
70 кг – Төрехан Сабырхан (1500 ұпай)
90 кг – Айбек Оралбай (2025 ұпай)
Басқа салмақ дәрежелеріндегі қазақстандық боксшылардың позициялары:
65 кг – Ертуған Зейнуллинов – 6-орын
75 кг – Сабыржан Аққалыков – 11-орын
80 кг – Нұрбек Оралбай – 2-орын
85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы – 5-орын
90 кг – Сағындық Тоғамбай – 8-орын
Еске сала кетейік, бұған дейін IBA нұсқасы бойынша өтетін әлем чемпионатына Қазақстан атынан шығатын боксшылардың құрамы жарияланған болатын.
Фото: ©IBA